Ар-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды

Ар-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы  әуе бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды

2023 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігінің Азаматтық авиация Бас басқармасының (GACA) президенті Абдулазиз әл-Дуайледжбен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әуе қатынастарды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, тараптар Астана-Ар-Рияд бағыты бойынша екі ел әуекомпанияларының рейстерін жуық арада ашудың маңыздылығын атап өтті.

Елші Б.Арын рейстер саны бойынша шектеулерді алып тастауды және ішкі бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін беруді көздейтін Сауд Арабиясы әуекомпанияларының Қазақстан Республикасында әуе еркіндігінің 5-дәрежелі режимін пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етті.

Осы ретте соңғы жылдары Қазақстан саудтық туристер үшін тартымды бағыттардың біріне айналғанын, олардың саны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда он есе өскенін атап өтті.

Өз тарапынан А.әл-Дуайледж Қазақстан Сауд Арабиясы үшін маңызды серіктес болып табылатындығын атап өтіп, екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейту жөніндегі қазақ тарапының ұсыныстарын толық қолдады және оларды іске асыру екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, іскерлік байланыстарды жандандыруға және туристік ағымды ұлғайтуға ықпал ететіндігін растады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы жаңа әуе бағыттарын іске қосу бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Қазіргі уақытта қазақстандық «Air Astana» және саудтық «Flynas» әуекомпаниялары «Алматы-Джидда» бағыты бойынша тұрақты рейстер жасайды, ал SCAT компаниясы «Алматы-Медина», «Шымкент-Джидда» және «Шымкент-Медина» бағыттары бойынша ұшады.