Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық қызмет орталығында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды

Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық қызмет орталығында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды

2023 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық қызмет орталығы бас инспекторының орынбасары Ақил Әл-Ғамдимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар гуманитарлық және қайырымдылық салаларында өзара іс-қимылды жолға қою мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Король Салман атындағы орталық пен Қазақстанның түрлі қайырымдылық қорлары мен ұйымдары арасында ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуда, туа біткен ауруларды емдеуде, хирургиялық операциялар жүргізуде, арнайы бағыттағы дәрігерлер мен медициналық персонал үшін тренингтер ұйымдастыруда, бірлескен гуманитарлық жобаларын бірлесіп іске асыруда, волонтерлік ұйымдарға қолдау көрсетуде және т. б. ынтымақтастықты орнату және дамыту мүмкіндіктері қаралды.

Осыған байланысты Елші қазақстандық гуманитарлық және қайырымдылық ұйымдарының қызметі туралы, оның ішінде Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы даму жобаларын іске асыруға көмек көрсететін KazAID халықаралық ынтымақтастық қорының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

Бас инспектордың орынбасары А.Әл-Ғамди қазақстандық қайырымдылық және гуманитарлық ұйымдармен байланыс орнатуға қызығушылық танытып, орталықтың гуманитарлық саладағы бірлескен жобаларды іске асыруда қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық қызмет орталығы Королдікте де және одан тыс жерлерде де төтенше жағдайлармен және гуманитарлық жұмыстармен айналысады. Орталық 2015 жылы Король Салман бен Абделазиздің тапсырмасымен құрылды. Орталық өз қызметінде әлемнің кез келген жерінде мұқтаждар мен зардап шеккендерге көмек көрсетуге бағытталған жоғары гуманитарлық мақсаттарға негізделген қағидаттарға сүйенеді. Осылайша, Орталық Суданға, Палестинаға, Йеменге тұрақты көмек көрсетуде, табиғи апаттардың салдарын жоюға қатысуда. Сондай-ақ, Орталық жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті.  Жалпы, 2023 жылы Орталық қайырымдылық мақсаттарына 6 млрд. АҚШ долл. астам қаражат бөлді.