
2023 ж. 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Уәлид Әл-Хурейджимен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты бірқатар мәселелерді, соның ішінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар, Үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы және Іскерлік кеңес отырысы сияқты алдағы бірлескен іс-шараларға дайындық барысын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы іс-шараларға дайындықты жалғастыруға келісті.