Қазақстан мен Сауд Арабиясы мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды белсенді дамытуға ниетті

Қазақстан мен Сауд Арабиясы мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстарды белсенді дамытуға ниетті

2023 жылғы 22 қарашада Ар-Риядта Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрінің қоғамдық дипломатия жөніндегі орынбасары Сара бинт Абдрахман Ас-Саида ханыммен кездесті.
Кездесуде тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, оның ішінде екі елде өткізілетін мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру және оларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Дипломаттар екі елдің дінаралық диалогты ілгерілету саласындағы тығыз өзара іс-қимылын және Қазақстан Парламенті мен Корольдіктің Консультативтік Кеңесі арасындағы байланыстардың үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осы тұрғыда Елші Б.Арын Сауд Арабиясы өкілдерінің Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қызметіне ынталы қатысуын және олардың осы форум идеяларын ілгерілетудегі белсенді рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде тиісті меморандумға қол қою және екі елдің жетекші университеттері арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру мәселелері қаралды.
Сұхбаттасушылар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдағы 6-шы отырысын дайындау мен өткізуді қоса алғанда, бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.