Сауд Арабиясының ірі қалаларында «Алматы туризм күндері» өтті

Сауд Арабиясының ірі қалаларында «Алматы туризм күндері» өтті

ҚР КСА-дағы Елшілігі, ҚР Джидда қаласындағы Бас консулдығы және Алматы қаласы туризм басқармасы бірлесіп 2023 жылғы 23-25 қазан аралығында Республика күнінің ұлттық мерекесі қарсаңында Сауд Арабиясының ірі қалалары - Ар-Рияд, Даммам және Джиддада «Алматы туризм күндері» атты роуд-шоу ұйымдастырды.

Іс-шараға «Azimut Travel», «Empire Travel Qazaqstan», «Incognito LTD», «Air Astana» және т.б. сияқты қазақстандық туристік және әуе компанияларының басшылары, сонымен қатар саудтық туроператорлардың, әуе компанияларының менеджерлері және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты

Роуд-шоу барысында саудтық тарапты Қазақстанның, оның ішінде Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік мүмкіндіктерімен, сондай-ақ туристік индустрияны және жалпы саланы дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

Туркомпаниялар бүгінде Қазақстан танымдық – ойын-сауық турларынан бастап рекреациялық, іскерлік және экотуризмге дейінгі туристік қызметтердің барлық түрлерін ұсына алатынын атап өтті.

Сонымен қатар, шақырылған қонақтарға Алматы мен Қазақстан өңірлерінің табиғи пейзаждары мен көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ қазақ фольклорлық музыкасының концерттік бағдарламасы және қазақ халқының ұлттық тағамдарының дәмін тату ұйымдастырылды.

Роуд-шоу аясында B2B алаңдары ұйымдастырылып, оның барысында қазақстандық туроператорлар мен әуе компаниялары Ар-Рияд, Даммам және Джидда бизнес-қоғамдастығымен келіссөздер өткізді.

Жалпы, Сауд Арабиясының қатысушылары Қазақстан және оның туристік мүмкіндіктері туралы туристік роуд-шоуды жоғары бағалады.

Айта кететін жәйт, Қазақстанның Сауд Арабиясында туристік роуд-шоуды үш жыл қатарынан ұйымдастырып отырғанына байланысты өткен жылы Қазақстанға келіп кеткен саудтық туристердің саны 20 есеге (300-ден 6 мыңға дейін) өсті, ал ағымдағы жылы олардың саны- 4,7 мың адамды құрады.