Ар-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Ар-Риядта Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

2023 жылғы 9 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Инвестициялар министрінің орынбасары Мохаммед Әл-Хасснамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар 2023 жылғы 4-тоқсанда Ар-Рияд қаласында жоспарланып отырған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық Комиссияның 6-шы отырысына дайындық барысын талқылады.

Сонымен қатар, олар сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да өзара мүдделілік танытатын салаларда екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты мәселелерді қарастырды.