Сауд Арабиясының СІМ-де халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Корольдік арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

Сауд Арабиясының СІМ-де халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Корольдік арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

2023 жылғы 5 қыркүйекте ҚР-дың САК-тағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің көпжақты ынтымақтастық мәселелері жөніндегі орынбасары доктор Абдурахман Ар-Рассимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар түрлі халықаралық құрылымдар шеңберінде екі елдің өзара іс-қимылы мен үйлестіру мәселелерін талқылап, өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар туралы пікір алмасты.

Осы тұрғыда Елші Қазақстанның бірқатар бастамаларының ілгерілеу барысы туралы, оның ішінде БҰҰ қамқорлығымен Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру, сондай-ақ дамуға ресми көмек саласындағы оператор болып табылатын «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қызметі туралы хабардар етіп, мүдделі Сауд ұйымдарымен ынтымақтастықты жолға қоюды ұсынды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауының негізгі ережелерімен таныстырып, Мемлекет басшысы айқындаған жаңа экономикалық бағыттың басты қағидаттары «әділдік, инклюзивтілік және прагматизм» болатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар халықаралық күн тәртібі мәселелері бойынша екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісті.