Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне қатысты ҚР СІМ мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының біржақты түрде 2020 ж. 9 сәуірден бастап екі апта мерзімге Йемен Республикасында оқ атуды тоқтату бастамасына қошемет білдіреді. 

Біз бұл шешімнің йемен халқына COVID-19 коронавирустың таралу салдарына қарсы тұруға көмектесетініне, сондай-ақ оқ атуды түбегейлі тоқтату үшін қажетті жағдай жасауда және Йемендегі жанжалды жан-жақты қамтылған саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздерді жандандыру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт артамыз.