
2023 жылғы 16 сәуірде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын саудтық Al Hokair Group холдингінің төрағасы Маджед Әл-Хокейрмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Al Hokair Group арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын, соның ішінде Қазақстанда туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.
Қазақстанның бизнес топтарымен іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында Al Hokair Group басшысы 2023 ж. 8-9 маусымда елімізде өтетін Астана халықаралық форумы аясында қазақстандық тараппен бірқатар келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізді.
Al Hokair Group – 1975 жылы құрылған ірі саудтық холдинг болып табылады. Холдинг қызметі қонақжайлық пен ойын-сауық салаларының дамуына бағытталған. Бүгінгі таңда компанияның қорында Сауд Арабиясында және Араб шығанағындағы елдерде Radisson, Holiday Inn, Hilton, Marriott және т.б. әлемдік деңгейдегі 35 қонақ үй, сондай-ақ жылына 30 миллионнан астам келушілерге қызмет көрсететін 92 түрлі тақырыптық саябақтар мен ойын-сауық орталықтары бар.