
2023 жылғы 6 сәуірде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Ajlan & Bros холдингі Төрағасының орынбасары шейх Мұхаммед әл-Аджланмен кездесті.
Кездесу барысында Елші Б.Арын сауд тарапына ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы атынан 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақыруды табыс етіп, іс-шараның күн тәртібі мен бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар, тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, оның ішінде холдингтің Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы инвестициялық жобаларына қатысуы мәселелерін талқылады.
Ajlan & Bros холдинг Таяу Шығыстағы ең ірі конгломераттардың бірі болып саналады және холдингтің 15 елдегі 75-тен астам еншілес компанияларында 15000-нан астам адам жұмыс істейді. «Saudi Vision – 2030» стратегиясына сәйкес компания өз қызметін өңірлік және жаһандық деңгейде айтарлықтай әртараптандыруға басымдық беріп отыр.