Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының ірі туристік компаниясының басшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының ірі туристік компаниясының басшысымен кездесті

2023 жылғы 23 наурызда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының "Seera Group" туристік компаниясының Төрағасы Мұхаммед әл-Халилмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Б.Арын сауд тарапына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді атынан 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына (АХФ) қатысуға шақыруды табыс етіп, іс-шараның күн тәртібімен және бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу аясында тараптар туризм саласындағы елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, олар визалық режимді жеңілдету, тікелей әуе рейстерді іске қосу, туризм бойынша роуд-шоу өткізу сияқты екі елдің үкіметтері қабылдаған шаралар Қазақстанды сауд азаматтары үшін жаңа туристік бағытқа айналдыруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қыркүйегінде екіжақты қатынастардың қазіргі тарихында алғаш рет Қазақстанға 5,5 мыңнан астам Сауд Арабиясынан туристері келді.

Seera Group – бұрын Al Tayyar Travel Group деген атпен белгілі болған Сауд Арабиясындағы ең ірі туристік компаниялардың бірі. "Saudi Vision – 2030" стратегиясы аясында бүкіл Корольдік бойынша жан-жақты реформалар басталғаннан кейін компания Seera Group брендімен компанияның жаңа заманауи имиджін құруға шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Seera Сауд Арабиясындағы ішкі, кіру және шығу туризмі экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда және Discover Saudi, Almosafer, Mawasim, Lumi секілді танымал брендтерінің алаңдары арқылы туристік және қажылық индустриясында қызметтердің барлық спектрін ұсынатын ең заманауи туроператор және серіктес болып табылады.

тра – Министра иностранных дел РК М.Тлеуберди для участия в Международном форуме Астана (МФА), и ознакомил с повесткой дня и программой мероприятия, которое состоится 8-9 июня 2023 г.

В рамках встречи стороны также обменялись мнениями по дальнейшему развитию двустороннего сотрудничества между странами в сфере туризма. В частности, они отметили, что принятые правительствами двух стран меры, как облегчение визового режима, запуск прямых авиарейсов, проведение роуд-шоу по туризму, позволили превратить Казахстан в новое туристическое направление для саудовских граждан.

Так, в январе-сентябре прошлого года впервые в современной истории двусторонних отношений Казахстан посетило свыше 5,5 тыс. саудовских туристов.

Seera Group является одной из крупнейших туристических компаний Саудовской Аравии, которая ранее была известна под названием Al Tayyar Travel Group. После запуска всеобъемлющих реформ по всему Королевству в рамках амбициозной стратегии «Saudi Vision – 2030», компания решила создать новый современный имидж компании под брендом Seera Group.

В настоящее время Seera вносит значительный вклад в рост экономики внутреннего, въездного и выездного туризма в Саудовской Аравии и является лучшим в своем классе туроператором и партнером, которая предоставляет весь спектр услуг в туристической и паломнической индустрии через площадки своих популярных брендов, как Discover Saudi, Almosafer, Mawasim, Lumi и др.