Қазақстан Елшісі «ACWA Power» компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасымен кездесті

Қазақстан Елшісі «ACWA Power» компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасымен кездесті

2023 ж. 9 наурызда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын «ACWA Power» компаниясының директорлар кеңесінің Төрағасы Мұхаммед Абунайянмен кездесті.

Кездесуде Б.Арын «ACWA Power» компаниясының басшысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің 2023 ж. 8-9 маусымда елордамызда өтетін Астана халықаралық форумына шақыру хатын табыс етті.

Сонымен бірге кездесу аясында тараптар Қазақстан-Сауд ынтымақтастығын жандандыру жолдары бойынша пікір алмасып, жаңартылатын қуат көздері саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін қарастырды.

«ACWA power» компаниясы электр станцияларды салу, теңіз суын тұщыландыру, жасыл сутекті өндіретін қондырғыларды орнату және техникалық бақылау саласындағы жетекші саудтық инвестициялық мекеме болып табылады. Оның өнімдері бүкіл әлемге танымал, қазіргі уақытта компания 12 елде, соның ішінде Таяу Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Африка, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарында жұмыс істейді.

«ACWA Power» теңіз суын тұщыландырумен айналысатын әлемдегі ең үлкен және озық технологиялы компаниялардың  бірі ретінде танымал (44,4 Гвт электр қуатын өндіреді және тәулігіне 6,8 млн. м3 теңіз суын тұщыландырады).