ҚР САК-ғы Елшісі Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының арнайы кеңесшісімен кездесу өткізді

ҚР САК-ғы Елшісі Дүниежүзілік ислам лигасы Бас хатшысының арнайы кеңесшісімен кездесу өткізді

Ү. ж. 14 ақпанда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Дүниежүзілік Ислам Лигасы (ДИЛ) Бас хатшысының Арнайы кеңесшісі Абдул Азиз бен Ахмад Әл-Сарханмен кездесті.

Елші Б.Арын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Лиганың тұрақты қолдауына, сондай-ақ ДИЛ басшылығы мен өкілдерінің оның хатшылығының барлық съездері мен отырыстарының жұмысына белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде А.Әл-Сархан Астана дінаралық форумы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісінде маңызды рөл атқаратындықтан Лига Қазақстанның дінаралық және өркениетаралық диалогты халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі күш-жігерін одан әрі қолдауға ниетті екенін айтты.

Тараптар сондай-ақ өңірде және әлемде болып жатқан кейбір маңызды оқиғалар бойынша пікір алмасты және Қазақстан мен ДИЛ арасындағы, оның ішінде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі шеңберінде ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.