
(2020 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша)
Коронавирустың (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында ҚР мемлекеттік органдары қабылдаған келесі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ескерулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оның қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне-шығуына тыйым салынады. Дегенмен төменде көрсетілген тұлғалар елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы кіруге-шығуға құқылы:
Қазақстан аумағына келген барлық азаматтар міндетті түрде тексерілуі тиіс. Оның ішіне дене қызуын өлшеу, сауалнама толтыру және карантиндік стационарларда коронавирустық инфекцияның бар-жоғына тест тапсыру кіреді. Тест нәтижелері бойынша оларды одан әрі үй карантинге ауыстыру немесе коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кезде – инфекциялық стационарға жатқызу туралы шешім қабылданады.
Сондай-ақ, шет елдерден қайтып келе жатқан ҚР азаматтары, еліміздің аумағына келгеннен кейін жасалған арнайы тесттің нәтижелеріне сәйкес коронавирустық инфекциямен жұқпаланбағаны расталған жағдайда, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының карантиндік аймақтарынан ҚР-дың басқа өңірлерінде орналасқан тұрақты мекен-жайына кедергісіз шығуға құқығы бар екенін хабарлаймыз.
|
Санаттарға сәйкес елдерден келетін тұлғаларға қатысты іс-шаралар
|
Елдер |
Түсініктеме |
|
1а) Карантин
жоғарыда аталған ерекшеліктерге жататын, 1а) санаттағы елдерден келгендерінен 14 күннен аз уақыт өткен азаматтар жатады
Ерекшеліктер: ресми және үкіметтік делегациялар, дипломатиялық паспорттардың иелері, авиакомпаниялар ұшқыштары және локомотив бригадаларының мүшелері, темір жол көлігінің тасымалдау қызметіне байланысты адамдар және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер
|
Франция Иран Италия Испания Германия Индия Таиланд Малайзия БАӘ Шри-Ланка Мысыр
|
Жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайда күнтізбелік 14 күн бойы міндетті түрде болу.
Карантин кезінде (14 күн): карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейді; байланыстың барлық түрлерін (телефон, интернет) пайдалануға рұқсат етіледі.
Карантин кезінде медицина қызметкерлері мынадай іс-шаралар атқарады: қарап-тексеру, дене қызуы мен артериялық қысымын өлшеу, сауалдар қою.
Мұрын-жұтқыншақтан немесе қақырықтан алынған биоматериалмен зертханалық зерттеу жүргізіледі.
Карантиндегі адам режимді бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
|
|
1б) Үйде оқшаулау (үй карантині)
жоғарыда аталған ерекшеліктерге жататын, 1б) санаттағы елдерден келгендерінен 14 күннен аз уақыт өткен азаматтар жатады
Ерекшеліктер: ресми және үкіметтік делегациялар, дипломатиялық паспорттардың иелері, авиакомпаниялар ұшқыштары және локомотив бригадаларының мүшелері, темір жол көлігінің тасымалдау қызметіне байланысты адамдар және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер
|
1а) санатқа кіретін елдерден басқа, коронавирустық инфекция жағдайлары тіркелген барлық елдер |
Тұрғылықты жері бойынша күнтізбелік 14 күн бойы міндетті түрде үйде болады (үй, пәтер, жатақхана, қонақ үй және т.б.).
Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда ауруханаға жатқызу ұсынылады.
Тұрғылықты жері бойынша оқшаулау кезінде (күнтізбелік 14 күн) адам көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынады.
Үй карантині кезінде (күнтізбелік 14 күн) медицина қызметкерлері мынадай іс-шаралар атқарады: телефон арқылы қоңырау шалу арқылы кеңес беру және үй карантинін бақылау.
Тұлға медициналық көрсетілімдер бойынша (жедел респираторлық вирустық инфекция симптомдары) Қазақстан Республикасының есебінен диагностикалау және емдеу мақсатында медициналық ұйымға емдеуге жатқызылады.
Үй карантині режимін бұзған тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
|
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер арқылы ақпарат алуға болады:
Сауд Арабиясы Корольдігінде: +966544577995
Қазақстанда: 1406