Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мәселелер саудтық компаниялармен талқыланды

Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық мәселелер саудтық компаниялармен талқыланды

Ү.ж. 2 наурызда Саудтық ауыл және мал шаруашылығы саласындағы «SALIC» инвестициялық компаниясының штаб-пәтерінде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын мен осы компанияның басшылығы арасында келіссөздер өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдарын, оның ішінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы перспективалық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, 3 наурызда Елші Б.Арын «SAJ Group» компаниясының негізін қалаушы және иесі Хуссам әл-Делайганмен кездесіп, осы компанияның Қазақстанда жүзеге асырылатын ауылшаруашылық және туризм жобаларына қатысу мәселелері талқыланды.