Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық көмек көрсету Орталығында гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық көмек көрсету Орталығында гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2020 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Король Кеңсесінің кеңесшісі - Король Салман атындағы Құтқару және гуманитарлық көмек көрсету Орталығының басшысы Абдалла әл-Рабиамен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастық байланыстарын орнату жолдарын қарастырды.
Өз кезегінде, Абдалла әл-Рабиа өзі басқарып отырған Орталықтың қызметі туралы айта отырып, Қазақстан мен Орталық арасында құзыреті аясында гуманитарлық салада ынтымақтастық орнатуға дайындығын жеткізді.