Барлық елдердің азаматтарына умра визасын беруді уақытша тоқтату туралы

Барлық елдердің азаматтарына умра визасын беруді уақытша тоқтату туралы

Құрметті Қазақстандықтар!

COIVID-19 вирусының (коронавирус) таралуының алдын алу мақсатында Сауд Арабиясының билігі ү.ж. 27 ақпаннан бастап барлық елдердің азаматтарына умра визасын беруді уақытша тоқтату туралы шешім қабылдағанын хабарлаймыз.
Бұған қоса, коронавирус тараған елдер мен оған көршілес орналасқан мемлекеттердің азаматтарына туристік визаны беру уақытша тоқтатылды. Бұл елдердің қатарында Қазақстан және бірқатар ТМД мемлекеттері бар. Қазақстанның саудтық визаны онлайн түрде немесе әуежайға қонған бойда ала алатын 49 елдің арасында болуына байланысты еліміз бұл тізімде атап өтілді.
Атап өтетін жайт, туристік визамен келген шетелдіктер елдері тізімге кірмесе де Мекке мен Медина қалаларына кіре алмайды. Бұл қалаларға тек жергілікті тұрғындар мен Корольдікте тұрып жатқан шетелдіктердің ғана кіруіне рұқсат етілген.
Баяндалғанға орай, Сауд Арабиясына жол жүруді жоспарлаған ҚР азаматтарына сапарларыңызды кейінге қалдыруға кеңес береміз.