Риядта Томирис атты тарихи фильмінің көрсетілімі өтті

Риядта Томирис атты тарихи фильмінің  көрсетілімі өтті

2022 жылғы 24 қараша мен 14 желтоқсан аралығында Рияд қаласының дипломатиялық корпусында "Ambassadors Choice International Film Festival" кинофестивалі өтуде.

Фестивальге Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Австралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысуда.

Кинофестиваль аясында режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" атты қазақстандық көркем фильмі көпшілікке ұсынылды. Кино ежелгі грек тарихшысы Геродот Галикарнастың массагет патшайымы туралы әңгімелейтін шежірелеріне негізделген.

Фильм жергілікті көрермендер мен дипломатиялық корпус өкілдерінің оң пікірлерін алды. Тамашалауға келгендер отандық кино актерлерінің ойынын жоғары бағалады. Олар сондай-ақ ең күрделі жауынгерлік, шабандоздық шеберлік көріністерінің ауқымы мен орындалуын атап өтті және "Томирис" фильмін соңғы жылдардағы сапалы тарихи фильмдердің бірі деп атады.