
2022 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Ajlan & Bros холдингі Төрағасының орынбасары шейх Мұхаммед әл-Аджланмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ajlan & Bros арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін, оның ішінде холдингтің ауыл шаруашылығы және тау-кен металлургия кешені саласындағы қазақстандық инвестициялық жобаларға қатысуын талқылады.
Айта кету керек, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың осы жылдың шілде айында Сауд Арабиясына ресми сапары аясында Ajlan & Bros холдингі сауда, ауыл шаруашылығы және тау-кен өндіру саласындағы қазақстандық компаниялармен бірқатар келісімдер мен меморандумдарға қол қойды.
Ajlan & Bros холдинг-Таяу Шығыстағы ең ірі конгломераттардың бірі, 15 елдегі 75-тен астам компанияда 15000-нан астам адам жұмыс істейді. "Saudi Vision – 2030" Стратегиясына сәйкес компания өз қызметін өңірлік және жаһандық деңгейде айтарлықтай әртараптандыруға кірісті.