2022 ж. 31 қазанда Ар-Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді

2022 ж. 31 қазанда Ар-Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді
 
 
Мерекелік іс-шараға ресми тұлғалар, билеуші әулет мүшелері, САК Консультативтік кеңесінің депутаттары, Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері, шет елдердің Елшілері мен дипломаттары, Ар-Рияд пен Джиддадағы халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілдері, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ белгілі қоғам саяси қайраткерлері қатысты.
Қазақстан Елшісі Б.Арын өзінің құттықтау сөзінде еліміз үшін Республика күнінің мемлекеттік және тарихи маңыздылығы туралы айтып, тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның негізгі жетістіктерін атап өтті.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың әділ "Жаңа Қазақстанды" құру жөніндегі бастамалары мен реформаларына, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың кең қолдауына ие болған оның халықаралық бастамаларына ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, ол Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың биылғы жылы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарының, сондай-ақ оның САК Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен келіссөздерінің арқасында ауқымды серпін алғанын ерекше атап өтті.
Б.Арын қысқа тарихи кезеңде Қазақстан цифрлық экономикасы бар әлемнің 30 озық мемлекетінің қатарына кіргенін және өз дамуында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін, 390 млрд.доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартқанын, осылайша, Орталық Азия аймағындағы ТШИ-дің ең ірі реципиенті болғанын атап өтті.
Қазақстан Елшісі еліміздің әлемдік аренадағы белсенді ұстанымына да назар аударды. Ағымдағы жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-ші Съезі және АӨСШК-нің 6-шы саммиті сияқты маңызды халықаралық іс-шаралар туралы айтып өтті. Қазақстандық дипломат Съезд жұмысына белсенді қатысқаны және дінаралық диалогты ілгерілету мәселелерінде Қазақстанның бастамаларын кеңінен қолдағаны үшін сауд тарапына алғысын білдірді.
Салтанатты қабылдауға қатысушыларға қысқаметражды деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанның егеменді даму жылдарындағы жетістіктері туралы фотокөрме ұйымдастырылды.
Елшілік аумағында Қазақ киіз үйі мен көшпенділер қолөнерінің ұлттық бұйымдары қойылған этнографиялық көрме ұйымдастырылды, бұл қонақтарға қазақ халқының мәдениетімен етене танысуға, сондай-ақ ұлттық тағамдардың дәмін татуға мүмкіндік берді. Жалпы қонақтарға негізінен тек ұлттық тағамдар ұсынылды, олардың ішінде жылқы етінен жасалған деликатестер, құрт, ірімшік, отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдері болды.
Кештің нағыз көркі Елшіліктің салтанатты-мәдени іс-шарасын қолдау мақсатында Қазақстаннан арнайы келген "Сазген сазы" фольклорлық ансамблінің концерті болды. Әртістер белгілі қазақ композиторларының шығармалары мен ұлттық фольклорын көпшілікке ұсынды. Қонақтар салтанатты қабылдаудың ұйымдастырушылық жағын жоғары бағалап, ұлттық киімдерге, қазақ тағамдарының молдығына, мәдениеті мен шығармашылығына тәнті болды.
Қабылдау кезінде Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы, туристік әлеуеті, сондай-ақ, Қазақстан-Сауд қатынастары туралы баяндайтын ақпараттық-имидждік материалдар мен кітап басылымдары таратылды
Іс-шара соңында Сауд Арабиясының көрнекті қоғамдық-саяси қайраткерлері мен шақырылған қонақтар Республика күніне орай Қазақстан халқын шынайы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.