
Қазақстанның ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, Елші Берік Арын Нигер Республикасының ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі, осы елдің Сауд Арабиясындағы Елшісі Абубакр Хасан Дан Сокотомен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан делегациясының ағымдағы жылғы 3-4 сәуірде Ниамейде (Нигер) өтетін ИЫҰ елдерінің сыртқы істер министрлерінің 47-ші кеңесіне қатысуы, сондай-ақ бұл форум аясында ұлы ойшыл Әбу Наср Әл-Фарабидің 1150-жылдығын атап өту шеңберінде осы ортағасырлық ғалымға арналған сурет көрмесін ұйымдастыру жөнінде мәселелер талқыланды.