Сауд Арабиясының Шура мәжілісінде парламентаралық байланыстарды дамытудың жолдары талқыланды

Сауд Арабиясының Шура мәжілісінде парламентаралық байланыстарды дамытудың жолдары талқыланды

2020 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Корольдіктің Консультативтік кеңесінің Ислам және құқық комитетінің төрағасы, «Сауд Арабиясы-Қазақстан» парламенттік достық тобының саудтық жағынан тең төрағасы Абдулазиз Абдулкарим әл-Исамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту жолдарын қарастырды, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға серпін беретін күн тәртібінде тұрған бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ, сұхбат барысында Елші Б.Арын саудтық депутатты еліміздің ішкі өміріндегі орын алып жатқан маңызды оқиғалармен таныстырды, соның ішінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығын, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын халықаралық деңгейде атап өтуге қатысты шаралар туралы айтып берді.

Өз кезегінде, саудтық депутат Консультативтік кеңестің құзыреті аясында екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды өзара қызығушылық танытқан барлық салаларда одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайындығын жеткізді.