
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілі Берік Арын Жидда қаласында Сыртқы істер министрлері деңгейінде өткен ИЫҰ Атқарушы Комитетінің төтенше ашық отырысына қатысты. Оның барысында АҚШ Президентінің Әкімшілігі жариялаған "ғасыр келісімі" атты Палестина-Израиль жан-жалын реттеу жоспары талқыланды.


