САК Сыртқы істер министрлігінде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың жолдары талқыланды

САК Сыртқы істер министрлігінде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың жолдары талқыланды

2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің Ашық дипломатия жөніндегі орынбасары Сауд Катебпен кездесті.

Тараптар Қазақстан-Сауд мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерді талқылады және мәдениет, ғылым, білім, бұқаралық ақпарат құралдары мен парламентаралық байланыстарды жандандыру бағытында бірлескен күш-жігерлерін белсендіруге уағдаласты.