Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Сауд Арабиясының Деректер және жасанды интеллект агенттігінің басшысымен кездесті

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі  Сауд Арабиясының Деректер және жасанды интеллект агенттігінің басшысымен кездесті

21 қаңтарда Қазақстанның Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясының Деректер және жасанды интеллект агенттігінің басшысы Абдулла әл-Гамди мырзамен кездесті.

Сұхбат барысында жаңа технологияларды дамыту мен жасанды интеллектті енгізу саласындағы екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Елші Сауд Арабиясы тарапына Қазақстанның жаңа технологиялар саласындағы жетістіктері, жасанды интеллектті енгізу бойынша Қазақстан үкіметінің қадамдары, сондай-ақ Цифрлі Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында «Smart Aqkol» жобасын іске асыру туралы қысқаша мәлімет берді.

А.әл-Гамди жасанды интеллектті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, сондай-ақ өзі басқарып отырған Агенттіктің 2019 жылғы 30 тамыздағы Корольдің жарлығымен «Vision 2030» мемлекеттік стратегиялық жоспары шеңберінде құрылғандығын айтып өтті.

Риядтың Нұр-Сұлтанмен ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіре отырып, қазақстандық делегацияның 2020 жылы 30-31 наурыз аралығында Корольдіктің астанасында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық саммитке қатысуы туралы мәселені зерделеу ұсынылды.