
Ү.ж. 20 қаңтарда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арынды Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі ханзада Әбдельазиз бен Сауд бен Наиф Әл Сауд қабылдады. Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен келешегі жөнінде пікір алмасты.
Осы ретте тараптар құқық қорғау саласындағы өзара ықпалдастықты белсендіруге, соның ішінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасуге мүдделіліктерін танытты.
Елші Нұр-Сұлтанның Риядпен екіжақты қарым-қатынастарын нығайтып, жаңа сапалы деңгейге шығаруға дайындығын қуаттады.
Сондай-ақ, ол саудтық министрді Қазақстанда орын алған маңызды ішкі саяси үдерістермен таныстырды.