
2022 ж. 7 сәуірде Риядта Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Корольдіктің Қажылық және умра істері жөніндегі министрі Тауфиқ бен Фаузан Ар-Рабиямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар алдағы қажылық маусымына қатысты бірқатар мәселелерді, соның ішінде қазақстандық қажыларға квота бөлу, қажылықты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
САК Министрі Т.Ар-Рабиа умра мен қажылықты ұйымдастыру ережелеріндегі соңғы өзгерістер жөнінде, сондай-ақ коронавирусқа байланысты қажылық орындарында енгізілген арнайы талаптар туралы хабарлады.
Өз кезегінде, Елші Б.Арын Сауд Арабиясының Үкіметіне Қазақстан азаматтарына қажылық жасау үшін Корольдік аумағында болу кезінде әр дәйім бөліп жүрген көңілі және көрсетіп келе жатқан көмегі үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы қажылық маусымының ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін САК Қажылық және умра министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілдері арасында жақын арада келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.