Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Қазақстандық дінаралық форумды бірегейлі деп есептейді

Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Қазақстандық дінаралық форумды бірегейлі деп есептейді

Рияд қаласында ҚР Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Дүниежүзілік ислам лигасының (ДИЛ) Бас Хатшысы Шейх Мұхаммед бен Абдул Кәрім Әл-Иссамен кездесті.

Кездесуде Б.Арын ДИЛ басшысына 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың шақыруын табыс етті.

Мұхаммед Әл-Исса шақыруды ризашылықпен қабылдап, Қазақстанның түрлі дін өкілдері арасында диалог орнатудағы, толеранттылық мәдениеті мен бейбіт қатар өмір сүруді ілгерілетудегі жетекші рөлін атап өтті. Оның айтуынша, мәдениеттер мен өркениеттер тоғысында бола отырып, көпэтносты және көпконфессиялы қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өзінің табысты тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан жоғары баға алған және бүкіл әлемде мойындалған бірегей дінаралық форумның бастамашысы болды.

Лиганың Бас хатшысы осы жаһандық дінаралық диалог алаңының бастамашысы мұсылман елі болғанын ерекше атап өтті, бұл әлемге өшпенділік пен зорлық-зомбылықты қабылдамайтын исламның шынайы бейбіт мәнін тағы бір рет көрсетті.

Елші Мұхаммед Әл-Иссаға конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалағаны үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан Лигаға Съезд идеяларын қолдағаны және форум іске қосылған алғашқы күннен бастап оның қызметіне белсенді қатысқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Б.Арын сұхбаттасын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" Жолдауын іске асыру аясында сайлау жүйесін, Парламентті қалыптастыру, саяси партияларды құру тәртібіне елеулі заңнамалық өзгерістер енгізу көзделген еліміздегі ағымдағы және алдағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер туралы хабардар етті.