
2022 ж. 13 наурызда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын САК Сауда және ақпарат министрімен Маджид Әл-Касабимен кездесті.
Кездесу барысында Ақпарат және сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары қаралды.
Тараптар ақпарат саласындағы ынтымақтастықты жолға қоюдың маңыздылығын атап өтіп, екі елдің ақпараттық мекемелері мен агенттіктері арасында тығыз байланыстар орнатуға, сондай-ақ ақпараттық-технологиялық байланыстар саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.
Сұхбат кезінде сауда, экономика, туризм, логистика және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқыланып, тараптар өзара сауда деңгейі Орталық Азия мен Таяу Шығыстың екі ірі экономикасының әлеуетіне сәйкес келмейтінін атап өтіп, аталған бағыттағы жұмысты жандандыруға келісті.
Елші сауд тарапын Қазақстандағы ағымдағы саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша Үкімет қабылдап жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Министр Маджид Әл-Касаби Сауд тарапының Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға мүдделілігін растады және осы бағыттағы бастамалар мен ұсыныстарға жан-жақты демеу көрсетуге дайын екенін білдірді.