Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Энергетика министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі  Сауд Арабиясының Энергетика министрімен кездесті

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Энергетика министрі, Биік Мәртебелі ханзада Әбделәзіз бен Салман Әл Саудпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде бейбіт атом және сутегі энергетикасы салаларында өзара әрекеттестікті орнату және жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Қазақстандағы қазіргі жағдайы туралы ақпарат бере отырып, ағымдағы жылдың қаңтар айындағы қасіретті оқиғалардан кейін еліміздің толық қалпына келгенін атап өтті.

Бұл тұрғыда Елші «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының барысы туралы айтты.