Риядта Қазақстан Елшісі Б. Арынның Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд Әл Сатимен кездесуі өтті

Риядта Қазақстан Елшісі Б. Арынның  Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің орынбасары  Сауд Әл Сатимен кездесуі өтті

2022 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрінің Саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары доктор Сауд әл Сатимен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың бірқатар мәселелерін талқылады.

Елші Б.Арын Корольдің жарлығына сәйкес 2022 ж. 22 ақпанда алғаш рет аталып өтетін бірінші Сауд мемлекетінің негізі қаланған күнімен құттықтап, Сауд Арабиясының халқы мен үкіметіне бейбітшілік, амандық пен  өркендеу тіледі.

Өз кезегінде, САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Сауд әл Сати құттықтаулар мен жылы лебіздер үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Сауд Арабиясының барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық қатынастарды дамыту және нығайту, сондай-ақ екі елдің түрлі халықаралық құрылымдардағы халықаралық бастамаларын өзара қолдау мақсатында ынтымақтастық пен бірлескен күш-жігерді одан әрі жалғастыруға уағдаласты.