
2022 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшілігі Риядтағы дипломатиялық қалашықта ұйымдастырылған Әзірбайжанның, Қырғыстанның, Түркия мен Өзбекстанның САК-ғы елшіліктерімен бірлесе отырып келе жатқан «Наурыз» мерекесі фестивалін атап өтті.
Іс-шараға қала тұрғындары мен Рияд қаласында тіркелеген дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, үкімет мүшелері, сауд және шетелдік компаниялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тамашалап, 500-ден астам адам қатысты.
Фестиваль қонақтарына ұлттық тағамдар мен ұлттық мәдениеттің қолөнер бұйымдары, олардың ішінде қазақ шеберлерінің қолдан жасалған туындалары, ұлттық киім үлгілері, сондай-ақ ұлттық ән-күй, би нөмірлері ұсынылды.
«Наурыз» мерекесінің ашылу салтанатында сөз ала отырып, Елші Б.Арын осындай іспеттес мәдени шаралардың өткізілуінің маңыздылығын атап өтіп, оның бауырлас халықтардың жақындаса түсуіне септік тигізетіндігін айтып кетті.
«Наурызды» салтанатты түрде атап өту Корольдікте тіркелген түркітілдес мемлекеттердің бірлесе жасаған ковидтен кейінгі кезеңдегі Рияд қаласында өткізіліп отырған бірінші ірі шаралардың бірі болды.