
2022 жылғы 15 ақпанда Риядтың Сауда-өнеркәсіп палатасында екі өңір елдері арасындағы сауда – экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларына арналған "Сауд Арабиясы-Орталық Азия + Әзірбайжан" форумы өтті.
Іс-шараға Орталық Азиядан Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Әзірбайжан елшілері қатысты.
Сауд тарапынан Аджлан Әл-Аджлан, Рияд Сауда палатасының мүшелері, Ислам Даму Банкінің, Сауд Даму қорының, жеке секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясының, Сауд стратегиялық әріптестік орталығының, сондай-ақ Ajlan & Bros, Al Hokair Group, Lulu Group, Saudi Ceramics, Areen Holding, Nasmat Hegaz Group және т. б. осы сияқты бірқатар ірі сауд компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты
Форум барысында тараптар сауда, экономика, инвестициялар, туризм, авиация, логистика және т. б. салалардағы елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.
Сауд тарапы қатысушыларды Орталық Азия елдерімен іске асырылған және қолда бар бірлескен жобалармен таныстыра отырып, өңірлер арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.
Орталық Азия елшілері өз кезегінде қолда бар инвестициялық және бизнес мүмкіндіктер туралы баяндамалар мен презентациялар жасап, сауд тарапын өз мемлекеттерінде іске асырылып жатқан жобаларға белсенді қатысуға шақырды.
Өз сөзінде ҚР Елшісі Берік Арын қатысушыларды Қазақстанның негізгі экономикалық жетістіктерімен таныстырды, сондай-ақ визалық режимді ырықтандыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту және т. б. шетелдік инвесторлар үшін қолайлы бизнес-климат құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
Қазақстандық дипломат инвестициялық қызметті және ел экономикасының түрлі секторларына инвестициялар тарту жөніндегі Қазақстанның шараларын жеке таныстырды. Елші Б.Арын сауд бизнесмендерін Қазақстандағы түрлі инвестициялық жобаларға қатысу, қазақстандық серіктестермен байланыс орнату арқылы осы бағыттағы жұмысты жандандыруға және осы тұрғыда ол саудтық кәсіпкерлерді Қазақстанға келуге және жергілікті жерлерде бар мүмкіндіктермен танысуға шақырды.
Сонымен қатар, Елші сауд аудиториясына осы жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда орын алған қайғылы оқиғалар туралы объективті ақпарат беріп, Мемлекет басшысы қабылдаған батыл және уақтылы шаралардың арқасында елдегі жағдай тұрақтанып, халық қалыпты өмірге оралғанын атап өтті.
Осы тұрғыда ол саудтық іскерлерді ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвестицияларды қорғауға, ұлттық экономиканың ашықтығына және келісімшарттарға қол сұғылмаушылыққа кепілдіктер берілетініне сендірді, сондай-ақ шетелдік инвесторлар мен сауда әріптестерінің сенімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.
Саудтық іскерлер қазақстандық тараптың тақырыптық презентацияларын үлкен қызығушылықпен қабылдады. Талқылау барысында САК кәсіпкерлері қазақстандық нарықтағы өз қызметін кеңейту мүмкіндігін егжей-тегжейлі зерделеуге қызығушылық білдірді.