
2022 ж. 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрінің саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айяд Әл-Сакафимен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, соның ішінде түрлі халықаралық құрылымдардағы екі елдің бастамаларын өзара қолдауға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.