
2021 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын тұңғыш араб астронавты, Мүмкіндігі шектеулі балалар қауымдастығының төрағасы, Король Салман атындағы Мүгедектер мәселесі бойынша зерттеу орталығы қамқоршылар кеңесінің басшысы - Биік Мәртебелі Ханзада Сұлтан бен Салман Әл Саудпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету, әлеуметтік маңыздылығы бар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Король Салман атындағы зерттеу орталығы мүгедектер мәселелері бойынша озық ғылыми қосымшаларды даярлау, мүгедектік мәселесін шешуге бағытталған ғылыми бағдарламаларды жасап шығару және мүгедектіктің себептерін бастапқы кезеңнен анықтау сұрақтарымен айналысады.