ҚР Елшісі Б.Арын САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Халед бен Файсал Әл-Сахлимен кездесті

ҚР Елшісі Б.Арын САК Сыртқы істер министрінің орынбасары Халед бен Файсал Әл-Сахлимен кездесті

2021 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы істер министрінің протоколдық мәселелер жөніндегі орынбасары Халед бен Файсал Әл-Сaхлимен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде, түрлі деңгейлерде өзара сапарлар ұйымдастыруға қатысты сұрақтарды талқылады.