
2021 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Инвестициялар министрінің орынбасары Мохаммед Әл-Хасснамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да өзара мүдделілік білдірілетін салаларда екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, олар Нұр-Сұлтанда өтуі жоспарланған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының күн тәртібі бойынша пікір алмасты.