Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығының басшысы доктор Яхья бен Джунайдтың «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім формуласы» жөнінде пікірі

Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығының басшысы доктор Яхья бен Джунайдтың «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім формуласы» жөнінде пікірі

Қазақстанның қазіргі уақыттағы ішкі жағдайын сипаттайтын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясы барысында сөйлеген сөзі әлемдік қоғамдастық тарапынан ерекше қызығушылық тудыруда. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бүгінгі күні мемлекетте түрлі ұлттар бейбіт және тату өмір сүруде, елде әртүрлі жастар ұйымдары мен ғылыми-зерттеу орталықтары құрылған.

Н.Назарбаев өз сөзінде Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын, барлық ұлттар мен мәдениеттерге құрметпен қарайтынын, ел Конституциясында кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтары сақталатынын атап өтті.

Қазақстанның үйлесімді әрі өркендеп дамуына, сондай-ақ басқа этностардың қолдауына негізделген Н.Назарбаевтың бастамасы мемлекеттік тілді жаңғырту мен дамыту бағытын айқындап берді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанда кез келген этносаралық жанжалдардың алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар қабылдануда. Этникалық қақтығыстар мемлекеттің ішкі саяси жағдайын тұрақсыздандырып, ел ішінде хаос тудырады.

Қазақстан - көпұлтты мемлекет, бұнда орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, немістер, кәрістер, әзірбайжандар және басқа да ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді.

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен белгілі болғандай, жалпыұлттық бірлікті дамыту мен нығайтуға бағытталған Қазақстанның бастапқыда таңдап алған жолы дұрыс болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан көптеген басқа елдер сияқты коронавирус індетіне қарсы тұрып, ҚР Үкіметі мен азаматтары COVID-19 таралуын жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын Н.Назарбаев өз сөзінде ерекше атап өтті.