Қазақстан делегациясы ИЫҰ мүше елдердің Аға лауазымды тұлғалар отырысына қатысты

Қазақстан делегациясы ИЫҰ мүше елдердің Аға лауазымды тұлғалар отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Берік Арын бастаған Қазақстан делегациясы 2021 жылғы 9-10 маусымда виртуалды форматта өткен ИЫҰ Аға лауазымды тұлғалар отырысына қатысты.

Аталған отырысты ИЫҰ Бас хатшылығы ү.ж. 16 маусымда Біріккен Араб Әмірліктерінің шақыруымен «Ғылым, технология, инновация: жаңа көкжиектердің ашылуы» тақырыбында бейнеконференция форматында өтетін екінші ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінің қорытынды құжатының, күн тәртібінің және бағдарламасының жобаларын талқылау және дайындау үшін ұйымдастырды.

Бірінші ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі саммит Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2017 жылғы қыркүйек айында Астанада (Нұр-Сұлтан) өтті. Оның қорытындысы бойынша Астана декларациясы мен 2026 жылға дейінгі ИЫҰ Ғылым, технологиялар және инновациялар жөніндегі Бағдарламасы қабылданды.

Осыған байланысты СДЛ отырысы барысында қатысушылар Астана декларациясының іске асырылу барысын қарастырып, ҒТИ-2026 бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өз елдерінің атқарған жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.

Алдағы биік деңгейдегі кездесуде Ғылым және технологиялар саммитіне төрағалық ету Қазақстан Республикасынан Біріккен Араб Әмірліктеріне өтеді деп күтілуде.