Қазақстан өкілдері Сауд Арабиясының Ұлттық компанияларды ілгерілету бағдарламасымен онлайн кездесу өткізді

Қазақстан өкілдері Сауд Арабиясының Ұлттық компанияларды ілгерілету бағдарламасымен онлайн кездесу өткізді

2021 жылы 7 маусымда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен САК Инвестициялар министрлігі жанындағы Ұлттық компанияларды ілгерілету бағдарламасы (NCPP) мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы арасында онлайн кездесу өтті.

Қазақ тарапынан Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын, ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының м.а. А. Зебешев және «Kazakh Invest» төрағасы М. Юсупов. Сауд делегациясына NCPP төрағасы Бадр Аль-Бадр басшылық етті.

Саудтық өкілдеріне ҚР экономикасының түрлі салаларын дамыту бойынша Үкімет тарапынан қабылданған шаралары, сондай-ақ Қазақстанда жеңіл және ашық бизнес жүргізу үшін шетелдік инвесторларға жасалып жатқан жағдайлары, соның ішінде визалық режимін ырықтандыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді жою және т.б. мәселелер туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саудтық компаниялардың елімізде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға қатысу жөніндегі консультацияларды жалғастыру, сондай-ақ екі елдің компаниялары арасында тікелей байланыс орнатуға ықпал ету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.