
2021 жылғы 1 шілдеде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Сыртқы сауда агенттігінің басшысы Абдулрахман Әл-Харбимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өзара сауданы ұлғайтудың жолдарын талқылады. Осы мақсатта тараптар Қазақстан-Сауд Іскерлік кеңесінің қызметін іске қосу бойынша бірлескен күш-жігерді белсендіру, іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнатуға қолғабыс көрсету, сондай-ақ екі елдің экспорттық-импорттық әлеуеті туралы ақпаратпен алмасып отыру туралы уағдаласты.