
2021 жылғы 24 мамырда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын САК Инвестициялар министрі – Қазақстан-Сауд сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Халид Әл-Фалихпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және басқа да өзара мүдделілік білдірілетін салаларда екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, олар биыл Нұр-Сұлтанда өтуі жоспарланған Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының күн тәртібі бойынша пікір алмасты.