Қазақстан Елшісі CАК Сыртқы істер министрінің консулдық мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі CАК Сыртқы істер министрінің консулдық мәселелер жөніндегі орынбасарымен кездесті

2021 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің консулдық мәселелер жөніндегі орынбасары Тамим бен Мажид әл-Досаримен кездесті.

Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасындағы консулдық саладағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты мәселелерді талқылады, осы мақсатта үстіміздегі жылы ҚР мен САК Сыртқы істер министрліктері арасында алғашқы Консулдық консультацияларды өткізу мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.