Қазақстан Елшісі SFDA басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі  SFDA басшылығымен кездесті

2021 жылғы 27 сәуірде Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын САК Азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі жөніндегі бас басқармасының (SFDA) Бас директоры Хишам Әл-Джадхимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық саласындағы екіжақты ынтымақтастықты арттыру жолдарын, атап айтқанда, екі елдің ауыл шаруашылығы, азық-түлік және фармацевтикалық өнімдерінің экспорты мен импортына қатысты мәселелерін талқылады.