
2021 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің саяси және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айяд әл-Сақафимен кездесті.
Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан-Сауд ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерді талқылап, оларды дамытудың жолдары бойынша пікір алмасты. Тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды кеңейту бағытында бірлесіп күш жұмсауға уағдаласты.