Қазақстан Елшісі Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысымен кездесті

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің (ПШАМЫК) Бас хатшысы доктор Найеф әл-Хаджрафпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен ПШАМЫК арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың жолдары қаралып, өзара қызығушылық танытқан өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды. Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Шығанақ елдері арасындағы екі жақты қарым-қатынастарды жан-жақты кеңейтуге бірлесіп күш жұмсауға уағдаласты.

ПШАМЫК құрамына 6 араб мемлекеті – Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Қатар Мемлекеті және Кувейт Мемлекеті кіретін өңірлік ұйым. Кеңестің құрылуы туралы шешім 1981 жылы 25 мамырда Абу-Дабиде өткен мемлекет басшыларының отырысында қабылданған.