
2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №254 сайлау учаскесінде
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының
кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №254 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Сауд Арабиясы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) (consul.riyadh@gmail.com) электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+966 54 457 7995
+966 11 480 6406