2020 жылғы 26 қазанда әлемдегі COVID-19 індетінің жаппай таралуына қатысты мәселелерді талқылауға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілдер комитетінің кезектен тыс виртуалды отырысы өтті

2020 жылғы 26 қазанда әлемдегі COVID-19 індетінің жаппай таралуына қатысты мәселелерді талқылауға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілдер комитетінің кезектен тыс виртуалды отырысы өтті

2020 жылғы 26 қазанда әлемдегі COVID-19 індетінің жаппай таралуына қатысты мәселелерді талқылауға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілдер комитетінің кезектен тыс виртуалды отырысы өтті.

Кездесу барысында қатысушылар ИЫҰ-на мүше мемлекеттердің коронавирус індетінің зардаптарын жоюға бағытталған күш-жігерлері мен бастамаларын талқылап, өз елдерінің осы саладағы тәжірибелерімен алмасты.

Аталған отырысқа қатысқан Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі және ИЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Б.Арын өз сөзінде бүкіл әлемде 1,1 миллионнан астам адамның өмірін қиған жаһандық пандемияға қарсы күресте Қазақстанның ИЫҰ басшылығының және Ұйымға мүше мемлекеттердің күш-жігерлерімен ниеттестігін білдірді.

Б.Арын Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуына қарсы жүзеге асырылған шаралар, соның ішінде бизнесті ынталандыру, халықтың осал топтарына көмек көрсету, бірқатар ИЫҰ-на мүше мемлекеттерге гуманитарлық және азық-түлік көмегін көрсету бойынша қабылданған қадамдар туралы айтып берді. Сонымен қатар, ол қайталануы мүмкін пандемияның екінші толқынына орай ҚР Үкіметі тарапынан жүргізіліп отырған дайындық жұмыстары туралы хабардар етті.

Қазіргі жағдайдағы ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігін назарға ала отырып, ҚР Тұрақты өкілі Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының қызметін жандандыру қажеттілігін атап өтті және АҚИҰ-ға кірмеген ИЫҰ мүше мемлекеттерді осы ұйымға қосылуға шақырды.