2020 ж. 14 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид бен Абдулкарим әл-Хурейжимен кездесті

2020 ж. 14 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид бен Абдулкарим әл-Хурейжимен кездесті

2020 ж. 14 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Сауд Арабиясы Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид бен Абдулкарим әл-Хурейжимен кездесті.

Кездесу барысында Елші Б.Арын жаңадан тағайындалған Министрдің орынбасарын құттықтап, қызметіне табыс тілей отырып, Қазақстанның Корольдікпен саяси, сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделілігін қуаттады.

У.әл-Хурейжи Орталық Азия елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы ел болып табылатын Қазақстанмен ынтымақтастықты түрлі салаларда жан-жақты дамытуға Сауд Арабиясының дайындығына сендірді.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстан-Сауд ынтымақтастығының күн тәртібінде тұрған бірқатар мәселелерді талқылап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды кеңейту бойынша бірлесіп күш жұмсауға уағдаласты.