
2020 жылғы 13 қазанда Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Б.Арын саудтық ірі жеке компаниялардың бірі – TASNEE ұлттық өнеркәсіптік компаниясының төрағасы Мубарак Аль-Хафра мен осы компанияның Бас директоры Мутлак Аль-Моришедемен кездесті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдарын, оның ішінде Қазақстанның мұнай-химия және тау-кен металлургия салаларындағы перспективалық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.